2024 жылғы 5 қаңтарда Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ-мен бірлесіп келесі АЭА қатысушыларының объектілеріне барды: «Qazaqstan сonstruction holding» ЖШС Арматура өндіру зауыты, «MСA production» ЖШС Газбетон өндіру зауыты, «Нафта-инжиниринг Казахстан» ЖШС Бұрандалы сорғы жүйелерін өндіру зауыты және «EVEREST TECHNO» ЖШС Сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты.
Кездесу барысында АЭА аумағында жобаларды іске асыруды жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берілді.