27.12.2023 ж. «Topan Chemical Industries» ЖШС-нің каустикалық сода және құрамында хлор бар өнімдер өндіру зауытының 1-ші фазасының техникалық ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы және «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Жоба бойынша каустикалық сода, тұз қышқылы, кальций хлориді, натрий гипохлориті өндірісі көзделеді.
Зауыттың 1-ші фазасының құрылысына салынған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгені құрады, 50 жаңа жұмыс орны ашылады және жобаның қуаттылығы жылына каустикалық сода - 40 000 тоннаға дейін, тұз қышқылы - 60 000 тоннаға дейін, кальций хлориді - 20 000 тоннаға дейін, натрий гипохлориті – жылына 4 700 тоннаға дейін шығарылатын болады.