АСТАНАДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

 

Бүгін Астанада «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты конференция шеңберінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған инвестицияны қажет ететін қазақстандық жобаларды шетелдік ықтимал инвесторларға таныстыру мақсатында индустриалдық-инновациялық  жобалардың бірлестірілген көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырды.

Қазақстанның барлық аймақтары мен Астана және Алматы қалаларының 70 қазақстандық компаниясы өздерінің идеялары мен атқарылған жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ, көрмеде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін және мемлекеттік қолдау көрсетілетін салалардағы арнайы экономикалық аймақтардың құрылымы мен мазмұны кең таныстырылды.

Көрме «Агроөнеркәсіптік кешен», «Тау-металлургиялық кешен», «Құрылыс кешені», «Көлік инфрақұрылымы», «Қуат», «Мұнай-газ өндірісі», «Машина құрастыру», «Арнайы экономикалық аймақ», «Индустриалдық аймақ» секторларына бөлінді. Әр экспонент өз жобасы бойынша келекешекте шығарытлатын өнімнің есептік құны мен шығынның болжамды өтелу мерзімі, оны сату бойынша ақпараттық анықтама берді.  Осы тарапта, көрмені ұйымдастырушылар көрмеде ұсынылған жобалардың сапасының жоғарылығын және олардың инвестицияларды тарту тиімділігін атап өтті.

Қазақстанның инвестициялар және дамудың вице-министрі Ерлан Хайыров: «Көрменің қолөнер бағыты бар. Бұл жерде шетелдік инвесторлар инвестициялық жобаларға кең шолу жасай алады. Бүгін көрмеге қатысушылар пайдалы байланыс орнатып, ол жақын арада жемісті ынтымақтастыққа әкелетініне үміттенеміз, - деді.

Көрмеге қатысушылар мен шетелдік инвесторлардың қатарындағы ықтимал серіктестер шараны ұйымдастырушы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне инвестициялық жобаларды жемісті іске асыру үшін бұндай шаралардың керек екендігін айтып, алғыстарын білдірді. 


Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4099