Үкіметтің күш-жігерін бірнеше экспортқа бейімделген басым салаларға шоғырландыруы аясында басымдылықтар 6 саладағы 14 сектордан 5 саладағы экспортқа барынша бейімделген 8 секторға дейін қысқартылды. В рамках сосредоточения усилий Правительства на нескольких экспортоориентированных приоритетных отраслях уменьшены приоритеты с 14 секторов в 6 отраслях до 8 наиболее экспортоориентированных секторов в 5 отраслях. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Бұл – қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу, мұнай-химия және агрохимия, азық-түлік өнімдерін шығару, автомобиль жасау және электротехникалық машина жасау салалары», - деді министр.
Ж. Қасымбек басымдылық берілген секторларды азайтылғанмен өңдеу өнеркәсібінің басқа секторлары қолдаусыз қалмайтындығын атап өтті. Экспортқа шығатын және өз өнімділігін арттырумен айналысатын барлық кәсіпорындар міндетті түрде қолдау табатын болады.
8 басым секторға қосымша тетіктер беріледі – нақты жобаларға инфрақұрылым, ұзақ мерзімді лизинг және ҚДБ арқылы кредит беру,жобалау компанияларының жарғылық капиталына ену және т.б.
Қайнар көз: invest.mid.gov.kz