15 жас маманға үш айлық оқу курсынан өткені туралы куәлік берілді. Олардың арасында Жаңаөзен қаласының, Қарақия және Бейнеу аудандарының тұрғындары бар. Бүгінгі таңда түлектер «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы «Ақтау-Керамзит» ЖШС құрылыс материалдарын өндіретін зауытқа жұмысқа орналастырылды.
Парасат Шандиев, Бейнеу ауданының тұрғыны: - Үш ай бойы өз бетіммен жұмысқа орналаса алмадым. Ақтауға келіп, «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша оқудан өттім. «Ақтау-Керамзит» зауытына жұмысқа алды. Тіпті жатақханадан орын да берілді. Мен ризамын.
Ақпарат көзі: 24.kz