EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2018 - 9-ШЫ АЛМАТЫ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ЖӘНЕ 8-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕ

Күні: 26.06.2018 - 28.06.2018

Өткізілу орны: Алматы  

Сіздерді 2018 жылдың 26-28 маусымында Алматы қаласында өтетін «Expo-Russia Kazakhstan-2018» сегізінші халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысуға шақырамыз.

«Expo-Russia» көрмесі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасының, Ресей Федерациясының салалық министрліктерінің және Қазақстан Республикасының салалық министрліктері мен ведомстволарының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық, мәдени және саяси ынтымақтастықты дамыту, елдер арасындағы байланыстарды орнату және нығайту, бірлескен бизнес, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту.

Көрме барысында АЛМАТЫ БИЗНЕС - ФОРУМЫ «Сандықтау - шағын және орта бизнестің жаңа мүмкіндіктері» өтеді.

«Expo-Russia Kazakhstan-2018» аясында ауқымды іскерлік және мәдени бағдарлама бар. 

Желілерде бөлісу: