«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА АУМАҒЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы әлеуетті инвестор, "MACHTECH" түрік компаниясының Бас директоры Нэжми Тахмазбен кездесу өткізді. Инвестор инвестиция көлемі 20,0 млн. АҚШ долларын құрайтын түрлі бағыттар бойынша, оның ішінде фармацевтикалық препараттар, жылыжай шаруашылықтарына арналған жабдықтар, сантехникалық өнімдер өндірісі саласында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Кездесу барысында инвестор АЭА аумағына шығумен АЭА қызметімен, инфрақұрылымымен танысып, жобаларды орналастыру шарттары, жеңілдіктер мен преференциялар туралы түсіндірме жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 2512