100-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ЧЕХ КӘСІПКЕРЛЕРІ ПРАГАДАҒЫ БИЗНЕС ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Форумға 100-ден астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. Форумды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы және ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Бизнес форум аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, өнеркәсіп, сақтандыру және сауда салалары талқыланды.

Вице-министр Ерлан Хаиров атап өткендей, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал орнаған. Екі жақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы салалары көлік тасымалы, инженерлік, энергетикалық, инновациялық салалар және де ауыл шаруашылығы болып табылады.

Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колибаның айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы 9 айдағы сауда айналымының көрсеткіші 500 млн АҚШ долларын құрап, 121%-ға өскен.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда палатасы мен ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы өзара түсіністікті арттыру негізінде Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында іскерлік кеңес құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум қолда бар коммерциялық келісімдерді, сондай-ақ екі ел арасындағы перспективалық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасы Аян Еренов чех инвесторлары мен кәсіпкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуге қазақстандық тараптың әзір екенін айтты.

Сонымен қатар, шара аясында екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесулер өтті. 

Источник: primeminister.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 2609