2016 жылдың 4-7 сәуір аралығында Маңғыстау мен Бейнеу аудандарына «Жаңа-серпін» бағдарламасы аясында «Шалғай ауылдардағы мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге» арналған шара өткізілді.

 

2016 жылдың 4-7 сәуір аралығында Маңғыстау мен Бейнеу аудандарына «Жаңа-серпін» бағдарламасы аясында «Шалғай ауылдардағы мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге» арналған шара өткізілді. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты мектеп бітіруші жастарға саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету және өңіріміздің еңбек нарығында аса жоғары сұранысқа ие мамандықтарды игеруге шақыру. Сондай-ақ бүгінгі таңда өте өзекті болып отырған жоғары білікті жұмысшы мамандарының тапшылығын жастарға жеткізу болып табылады.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. 
Аталған бағдарлама бойынша Маңғыстау ауданы бойынша Тұщықұдық, Қызан, Ұштаған, Шетпе, Онды, Сай-Өтес ауылдарына және Бейнеу, Боранқұл ауылдарына іс-сапарда болып қайттық. 
Бағыт-бағдар беруге барған топтың құрамында «Жаңа Серпін»орталығы» КММ-сінің директоры, «АқтауТеңізПорты» АЭА-нан Инвесторлармен жұмыс жасау департаментінің директоры, Білім басқармасынан, Маңғыстау облыстық Кірістер департаментінен, Ауылшаруашылық басқармасынан тиісті мамандар болды.
Өңіріміздің еңбек нарығын зерттей келе жетіспейтін тапшы мамандықтардың бірі агроном, брокер, логист, ветеринар, геодезист, сварщик, дәрігер, мұғалім, бала бақша тәрбиешісі, кран машинисті, IТ-маманы, кәсіби құрылысшы, кәсіби сылақшы.
Сонымен қатар «АқтауТеңізПорты» АЭА-да шоғырланған инвестициялық жобалар бойынша да көптеген кәсіп, мамандық түрлері ұсынылды.
Алдағы уақытта «АқтауТеңізПорты» АЭА және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Жаңа-өзен қаласы мен Қарақия ауданына іс-сапар жоспарланып отыр. 

Желілерде бөлісу:

  • 4137