2016 ЖЫЛЫ 15 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

 

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма төрағасы Әмірбек Бекбасарұлы Төлегенов әріптестерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтап, компанияның қызметіне белсенді үлес қосқан қызметкерлерге және «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушыларына мерейтойлық грамоталарды табыстады. Олардың арасында Басқарушы компанияның қызметкерлері Таңірбергенова Раубиби, Молдабекова Айгерім, Шамов Сәкен, Оразғалиев Ернар, Каршығаев Мәулен, сондай-ақ қатысушылардан Мурадов Алекбер («Өндіріс пен логистика орталығы Азерсун» ЖШС), Алмас Сатанов («КИС-Ақтау» ЖШС), Гулиев Вугар («Ақтау Энергомаш» ЖШС), Ерболат Мергенбаев («КаспийТасЖол» ЖШС) марапатталды. 

   

       


Желілерде бөлісу:

  • 4565