2016 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА 30 ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР ЖАҢА ӨНДІРІСТЕРДІ ІСКЕ ҚОСАДЫ.

 

2016 жылы Қазақстанда 30 шетелдік инвестор жаңа өндірістерді іске қосады. Бұл туралы бүгін Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдік инвесторлардың өңдеуші өнеркәсіптегі 200-ден астам бастамасымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуетті инвестициялардың жалпы сомасы 40 млрд. АҚШ долларын құрайды. «ТҰК-пен жұмысқа ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні осындай 40-тан астам бастама келіп түсті. Әрбір трансұлттық компания бойынша нақты іс-қимыл жоспары бар, іс жүзінде күн сайын оларға мониторинг жүргізілуде.-» - деп атап өтті Ә.Искешев. Министр 2016 жылғы шілдеде қосымша қосылатын мұнай құбырын өндіру өндірісін Маңғыстау облысында іске қосатын «Tenaris» итальян компаниясын, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштар өндірісі зауытын салуды бастайтын  «Еврохим» компаниясын мысал ретінде келтірді. 

Қайнар көзі: invest.mid.gov.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 4019