АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
2018 ЖЫЛЫ ҚҰНЫ $16,4 МЛРД БОЛАТЫН 17 ІРІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ МІНДЕТІ ТҰР — KAZAKH INVEST

рус/eng

«Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев экономиканың қажеттіліктеріне сүйене отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $47,8 млрд құрайтын, 35 мыңға жуық жұмыс орнын ашумен 145 жобаның тізімі жасалғанын мәлім етті.

2018 жылы әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, $1,6 млрд сомасына шетелдік инвестицияларды тарту арқылы 15 жобаның құрылысы басталады және $3 млрд сомасына 23 жоба пайдалануға беріледі. Мәселен, Қазақстан өңірлері бойынша пайдалануға беру жоспарланған ең көп инвестициялық жобалар Алматы облысында — 5 жоба ($179 млн), Оңтүстік Қазақстан облысында — 5 жоба ($1,9 млрд), Алматы қаласында — 5 жоба ($187 млн), Астана қаласында — 2 жоба ($244 млн) және Қостанай облысында — 2 жоба ($14 млн).

Бұдан өзге, биылғы жылы міндеттелген құжатқа қол қою арқылы құны $16,4 млрд болатын 17 ірі жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті тұр.

«Бүгінгі таңда инвесторларды тарту үшін Deloitte компаниясымен бірлесе отырып, 50 «тауашалық» жоба дайындалды. Инвестициялық ұсыныстар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қазірдің өзінде олар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл біз «Үлкен төрттіктің», халықаралық деңгейдегі кеңесшілерін тарта отырып, жаңа инвестициялық ұсыныстар дайындаймыз», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру аясында инвесторлармен жұмыс адрестік қағидатқа сәйкес жүргізіледі. Мәселен, 2018 жылдың сәуіріне қарай әрбір басымдықты ел немесе елдер тобы үшін «Елдік Стратегия» немесе белгілі бір нақты елмен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық жасалатын болады. Бұдан өзге, аталған бағыттағы жаңашылдық — Ирландия, Испания, Нидерланды, Италия, РФ және басқа елдерден инвестициялар тартуға маманданған (Multiplier) компанияларды тарту болады.

«Біз сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейміз. Инвесторлардың түйіткілді мәселелеріне «ерте жауап қайтару» жүйесі енгізілуде. Бұл – «инвестициялық омбудсмен» институтын нығайту. Сондай-ақ, 2018 жылдың бірінші жартысында инвесторларға Қазақстанға келу кезінде көмек көрсететін «Call-center» іске қосылады», — деді Kazakh Invest басқарма төрағасы.

Осы жылдың мамыр айында Invest.gov.kz сайтында инвесторлармен жұмыс істеудің ақпараттық-мониторинг жүйесі (CRM) іске қосылады. Әрбір инвестор CRM жүйесіне кіре алады. Осылайша, уәкілетті органдар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен инвестицияларды тарту процесін бақылап қана қоймай, проблемалық аймақтарды анықтап, олардың пайда болу себептерін талдап, оларды жылдамырақ жоятын болады. Бұл құрал инвестормен жылдам кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Сапарбек Тұяқбаев Kazakh Invest қызметкерлері көші-қон мәселелерінен бастап емханаларға және мектептерге тіркеуге дейін, инвесторлардың отбасы мүшелеріне жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Қорытындылай келе, бүгінде Қазақстанда инвесторлардың жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалғаны аталып өтті. Осыған байланысты Kazakh Invest-тің негізгі міндеті — тиісті министрліктермен, ұлттық компаниялармен және әкімдіктермен бірлесіп, басты жобаларды іске асырудың қажетті шараларын қабылдау.

Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты мәселелерді қарау барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин баяндама жасады. 

Қайнар көзі: primeminister.kz


Жарияланған күні: 27-02-2018  
Оқылған саны: 652



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.