2018 ЖЫЛЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 67 ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

рус/ eng

«KazakhInvest» компаниясының қолдауымен шетелдік инвесторлармен бірлестікте 2018 жылы 7,1 млрд. АҚШ сомасына 67 жобаның құрылысын 13,5 мыңнан аса жұмыс орнын аша отырып бастау жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, І тоқсанның өзінде-ақ шетелдік инвесторлар қатысатын жалпы сомасы 539 млн. АҚШ долларын құрайтын 6 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бұл жобаларды іске асыру 600 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Басты жобалардың бірі Алматы облысы  «Хоргос – Шығыс Қақпасы» еркін экономикалық аймағындағы Phoenix Commodities (БАЭ) трансұлттық компаниясының құны 15 млн. АҚШ долларын құрайтын экструдицияланған құрама жем өндірісі болып табылады.

Өз кезегінде екінші тоқсанда шетелдік инвесторлар қатысатын 12 жоба 1,5 мың жұмыс орны ашыла отырып басталады.

«KazakhInvest» компаниясы «Deloitte» компаниясымен бірге пысықталған, бизнес-жоспарлары дайын және іске асырылу шарттары анықталған 50  нақты «тауашалық» жобаға инвестиция тартуға жұмылғандығын атап өткен жөн.

«Трансұлттық компанияларды тарту – бұл тек презентация мен келіссөздер жүргізу ғана емес. Алдымен дайындық жұмыстары жүргізіледі, өйикені ақша салуға болатын нақты жбалар керек. Біз қазір 50 жаңа жоба дайындадық. Олардың әрқайсысы бойынша таргеттелетін компанияларды анықтадық. Бұл тізімді елшілерге және шетелдегі біздің өкілдерге бердік», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сонымен бірге, қазақстандық жобаларға қатысу үшін трансұлттық компаниялардың жергілікті компаниялармен әріптестігі қажет.  Қазіргі уақытта қазақстандық консалтингтік компаниялармен ынтымақтастықта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 100 ықтимал жергілікті компаниялардың тізімін жасады. Негізінен бұл компаниялар тамақ өнеркәсібі, АӨК, машинажасау, фармацевтика және мұнай химисы салаларынан. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3331