480 ШЕТЕЛДІК ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ РҰҚСАТ АЛДЫ

Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» принципі арқылы да жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге әкімшілік талаптар жойылды.

«Осы ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы», – деп мәлімдейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде 90%.

Қайнар көзі: primeminister.kz


Желілерде бөлісу:

  • 4018