KAZAKH INVEST ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРМЕН БІРҚАТАР КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ — АЭФ-2018

рус/eng

Da Vinci Capital-мен жасалған меморандум АӨК саласында терең өңдеу мен экспортқа, сондай-ақ, жаңа технологиялар мен бөлшек сауда саласындағы жобаларға қолдау көрсетуге бағдарланған инвестициялық қор құруды көздейді.

«Біз ТМД-ның түрлі өңірлерінде жұмыс істейміз, Қазақстан үшін арнайы құратын қор осымен төртіншісі болады. Kazakh Invest-тің қолдауымен АӨК секторында инвестициялық жобаларды іздестіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Қазақстан қызығушылығының басқа сегменттерін – азық-түлік өнеркәсібін, жоғары технологиялық жобаларды және т.б. қарастырамыз», — деп атап өтті Da Vinci Capital-да.

Kazakh Іnvest-тің ReEN Partners Joint Venture және As Asia-мен үшжақты меморандумы жел электр стансаларын салу жобаларын іске асыруға бағытталған.

Қазақстан–Словения бизнес-клубы қазақстандық компаниялардың еуропалық компаниялармен тығыз экономикалық байланыстарын орнатуға көмектеседі және аймақта нақты инвесторларды іздестірумен айналысатын болады.

Германия экономикасының Шығыс комитеті Шығыс Еуропадағы компаниялармен және ұйымдармен келіссөздерді ұйымдастыруға жәрдемдесіп, қазақстандық компаниялардың Германияға іскерлік сапарлары кезінде көмек көрсететінін атап өту керек. Бұған дейін Берлин Еуразиялық клубының отырысында тиісті меморандумға Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан қол қойған еді.

АЭФ аясында Kazakh Invest басшысы Сапарбек Тұяқбаев әлемдік ірі компания өкілдерімен кездесті. Мәселен, Global Beef иесі Уильям Прайспен Мемлекет басшысының қаңтар айында АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған меморандумды іске асыру барысы талқыланды. Global Beef Қазақстан аумағында мал шаруашылығы кластерін құруға мүдделі.

Middle East Marine компаниясымен кездесуде литий өндіру және өңдеу жөніндегі жобалар талқыланды.

Дүниежүзілік банктің бағдарламалық менеджері Фарход Юссефимен кездесу барысында ақпарат алмасу, екіжақты консультациялар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3241