SMART CITY ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕС ІРІ ҚАЛАСЫНДА ЕНГІЗІЛЕДІ

Дәурен Абаев атап өткендей, Smart City тұжырымдамасы барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Smart City миссиясының негізі — адам және оның қажеттіліктері. Ақылды қаланың негізгі сипаттамалары — жайлылық, қауіпсіздік, тиімділік және қоршаған ортаға зиянды төмендету.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – еліміздің бес ірі қаласында – Smart Astana, Smart Karagandy, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe секілді Smart City-ді дамыту», — деді Дәурен Абаев.

Аталған жобалардың басты орындаушылары – өңірлер әкімдіктері. «Ақылды қаланы» дамыту тұрғысынан олардың жұмысының негізгі басымдықтары: өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсарту; электронды түрдегі мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту; Қазақстан аймақтарының Smart сity халықаралық рейтингтеріне кіруі; ЖАО архитектурасын дамыту; Smart city тұжырымдамасына сәйкес бастамалық жобаларды іске асыру; G2G, B2B және G2B сегменттерінде қағазсыз өзара әрекеттестікті ынталандыру.

Министр мемлекеттік бағдарлама аясында «ақылды қалалардың» типтік тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті. Онда интернет заттар, жасанды зерде және т. б. секілді алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын жобалардың тізімі келтірілген. Сондай-ақ, құжат Smart City технологияларын енгізудің негізгі қағидаларын, тәсілдерін, мақсаттарын, басымдықтары мен міндеттерін анықтайды.

«Жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ақпараттандырудың сервистік моделі, бюджеттік қаржыландыру және жеке инвестициялар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар жобаларды бенчмаркингті пайдалану, яғни үздік әлемдік және отандық тәжірибеге бағдарлау арқылы жүзеге асыру жоспарланған», — деді Дәурен Абаев.

Халықаралық стандарттарға сүйене отырып, Қазақстанда Smart City саласындағы ұлттық стандарттар әзірленіп, бекітілді. Олар энергия үнемдеу, ТКШ, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық шешімдер есебінен, қауіпсіздік пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қоса алғанда, қалалық процестерді орталықтандырылған басқарудың түбегейлі жаңа мүмкіндіктерін, біртұтас талаптарды реттейді.

Ақпарат және коммуникациялар министрінің айтуынша, «Collaborative Innovation» негізгі тетік болады — мемлекеттік органдардың жекеменшік ұйымдармен өзара іс-қимыл форматы, оның аясында біртіндеп жаңа жетілдірілген шешімдер, тәсілдер және НҚА қажетті өзгерістер әзірленеді.

Баяндамашы бұл тұжырымдама Smart City-ді енгізу деңгейіне байланысты қалаларды бағалау жұмыстарын жүргізуді ұсынатынын атап өтті. Соның нəтижесінде, бағалаудың тиісті шкаласы бар кесте түріндегі енгізу дәрежесінің картасы әзірленеді. Әр салаға ҚР стандарттарының индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкес негізделген баға беріледі.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Smart City жобаларын енгізудің аймақтық тәжірибесі мен іске асырылу жағдайы туралы баяндама жасады. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3033