АҚТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 мамыр күні Ақтауда «Халықаралық Қаржы институттарының Маңғыстау облысындағы даму мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Қазақстандағы ДБ-нің тұрақты өкілі Ато Браун, ДБ өкілі  И.Галимова, АДБ өкілдігінің басшысы  Д.Капанелли, Орталық және Батыс Азия АДБ-нің бас директорының аға кеңесшісі В.Лиепах,  ЕҚДБ инфрақұрылым департаментінің жетекші банкирі Б.Файзиев, Фин Бизнес хабының басшысы М.Манкеев, ҚР-дағы  БҰҰДБ энергиялық тиімділік бойынша жобалардың үйлестірушісі А.Белый, «Қазақстан – 2050» Қоғамдық қозғалыс кеңесінің мүшесі А.Махамбет қатысты.   

Кездесудің негізгі мақсаты – туризм, әлеуметтік сала, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, қалдықтарды басқару, әлеуметтік фермерлік, энергияны үнемдеу және жаңғырмалы энергия көздерін келешекте дамытудың негізгі бағыттарын,инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қаржы институттарын тарту мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел шеңберінде Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару ұйымдастырылды. Онда қонақтар аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныса алды.

- Бүгін - Халықаралық  климатты қорғау күні, біз - «itistimetochange» ,- дегіміз келеді. Өзгерістер бізді барлығында күтіп тұр: бірінші –инвестициялық климаттың өзгерісі. Бұл инвесторлармен жұмыста көрініс  табады. Екінші – бұл инвестициялық климаттың басымдылықтарындағы үшінші жаңғырту бағдарламасына сәйкес келетін өзгерістер. Маңғыстау облысы тұрақты дамуға бағыт алды,- деді «Қазақстан – 2050» Қоғамдық қозғалыс кеңесінің мүшесі Айдар Махамбет. 

- Бүгінгі кездесу – біздің серіктестігімізді белсенді дамытуға ұмтылудың айғағы. Және бұл халықаралық институттар мен инвесторлардың біздің елімізге деген қызығушылығының айқын нәтижесі. Бұл біз үшін, даму институттары, мемлекет пен аймақтың іскер топтары арасында тығыз тәжірибе алмасуға және тікелей байланыс орнатуға ықпал ететін аса маңызды шара болып табылады. Осы кездесу біздің шетелдік серіктестерімізге аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін толыққанды ашуға жағдай туғызатына  сенімдімін. Біз осындай құрамда алғаш рет кездесіп отырмыз, және бұл өте қуанышты,- деді алғысөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Аймақтың инвестициялық саясатының басты міндеті  капиталдық салымдарды қаржыландыруға бюджеттен тыс қаржы көздерін кеңейтуге қолайлы орта қалыптастыру және жеке отандық, шетел инвестицияларын тарттыру, сонымен қатар тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау болып табылады.

Өңдеуші секторды, экспорттық әлеуетті  дамытуға және аймаққа инвестицияларды кеңінен тартуға ерекше көңіл бөлу көзделуде.

 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдан бастап, қажет инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген Индустриалдық аймақ құрылды. Жалпы сомасы шамамен 500 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақтың Картасы жобалары және «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асырылуда. Осыған қажет барлық инфрақұрылымдар бар.

Аймақты дамытудың басым бағыттары транспорттық-логистикалық сала, сумен қамту, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және теңіз операцияларына мұнай қызметін көрсету болып табылады.

- Облыста сумен қамту мәселесі ерекше көңіл бөлуді және шұғыл шешім табуды қажет етеді. Жыл сайынғы халықтың өсімі (шамамен жылына 20 мың адам, яғни 4 %), индустриалдық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың белсенді жүзеге асырылуыжылдан жылға тапшылықтың ұлғаюына алып келуде және болжамдық есептеулер бойынша, аймақтың даму қарқынын ескере отырып, 2020 жылға дейін тәулігіне ол 70 мың кубқа жетеді.

Біз үшін су тапшылығын жабу шараларының бірі тұщы суды өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Теңіз суын тұшыту бойынша шетелдік инвесторлардың нақты ұсыныстары мен жобаларының мерзімдері қазірдің өзінде бар, -  деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

- Бүгін біз қаржыландыруға Сіздің мекемелеріңіз белсене қатыса алатын нақты бірқатар жобалар ұсынуға дайынбыз. Мен жай ғана бұл жобаларға қатысуға емес, сонымен қатар оларды қолдауға және жүзеге асыруға көмектесу үшін шақырамын. Бүгінгі дөңгелек үстелдің Халықаралық Климат күні өткізілуі өте маңызды. Бұл бізге Сіздің қаржылық қолдауыңызбен өңірде  өте қызықты және пайдалы инвестициялық жобаларды  іске асыруға болатынына үміттендіреді және сенімділік береді,– деп қорытындылады Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Қайнар көі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4051