АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жиын барысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары бекітілді.

Тұжырымдама мемлекеттік және жеке индустриалды аймақтарды құру және олардың қызмет ету мәселелерін заңнамалық деңгейде бекітуді көздейді және де арнайы экономикалық аймақтардың салықтық әкімшілендіру процесін жеңілдету, жер телімдерін және басқа да рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу қызметтерін жетілдіруге бағытталған. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3599