АСТАНАДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КҮНІ АЯСЫНДА ТЕЛЕКӨПІР ӨТТІ

 

Астанада  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен дәстүрлі жалпыұлттық телекөпір өтті. Іс-шара аясында индустрияландыру Картасының жобалары таныстырылды. Мемлекет басшысы телекөпір режимінде өндіріс объектілеріне және индустриаландыру аясында жобалар құрылысының бастамасына старт берді. Еліміздің әр аймағынан барлығы 23 жоба құрылысының іске қосылғанын жариялады. Олардың арасында "Алматы-Қапшағай" және "Астана-Теміртау" автомобиль жолдарын қайта  жаңарту, "Екібастұз-Семей-Өскемен" электр желілерінің  құрылысы, Құрық портындағы паромды кешен, Алматы қаласында модельдік аяқ киім өндірісі бар. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев "Парыз" байқауының жеңімпазына Гран-при және "Алтын Сапа" байқауының аясында "Сапа көшбасшысы", "Үздік индустриалды жоба", "Үздік инновациялық жоба" негізгі үш номинация бойынша сыйлықтар табыстады.

Ақпарат көзі: mid.gov.kz


Желілерде бөлісу:

  • 3778