АСТАНАДА ИЗРАИЛЬ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕР ОРТАСЫ ҮШІН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

 

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қазақстанға ресми сапары барысында келесі Қазақстан-Израиль форумын Иерусалимде өткізуді ұсынды.

Астанада бизнес-форум қатысушыларына Израиль премьері алғысын білдірді.

"Қазақстанда 200 израильдік компаниялар жұмыс істейді, олардың кейбіреулері ұсынылған (форумда – ескерт. ред.), ынтымақтасуды әрі қарай жалғастыру қажет екенін олар түсінеді. Бұл біздің қарым-қатынастар тез және қарқынды дамуындағы ең маңызды мәселе. Әлем жылдам дамып келеді, өмір жылдамдығы артады, бізге тікелей рейстер, бизнеске жеңіл жолдар қажет. Біз Қазақстан және басқа да елдермен еркін сауда туралы айтып отырмыз. Кедергілерді жою қажет, бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек", – деді ол.

Израиль Премьері кедергілерді жою маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, бюрократия, оны бұлақты жауып тастайтын таспен салыстырды.

"Менің айтатыным, өзіміздің экономикалық саясатымызды қарастыру кезінде, бәсекелестікті арттыру үшін, біз барынша кедергілерді жойғымыз келді. Бізге әлі де алда жұмыс бар. Израиль белгілі бір жетістіктер, технологияларға ие, бірақ ең үлкен проблемасы – бұл бюрократия. Ол мүмкіндіктерді тұншықтырады. Егер сіз бюрократияның жолын кессеңіз, бизнеске әлдеқайда оңай болады. Ерлер мен әйелдерге жай ғана өз жұмыстарын істеуге рұқсат етіңіз. Бұл тапсырманы орындаса, үкімет сәттілік пен мақтау алады", – деді Нетаньяху.

Израиль үкіметінің мемлекет басшысы Қазақстанға технологиялық дамуы үшін көмектесуге дайын екендігін білдірді.

"Бізде технологияларды (Ақордада) талқылауға мүмкіндік болды. Әр ұсақ-түйек қазір технологиялық болып тұр. Және бұл көптеген жолдармен болады. Бұл ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, кибер қауіпсіздік, су ресурстары, және барлық қалғандарына қатысты. Барлық салаларда технологиялар өте терең енгізілді. Осыны түсінетін және қолдана алатын адамдарда, бәсекелестік артықшылықтары болады. Болашақ солардікі. Біз өзімізді инновациялық ұлт деп есептейміз. Бірақ біз, сіз сияқты серіктестер бар екенін мақтан тұтамыз. Біздің әріптесіміз бола отырып, сіздер де жетістіктерге жетесіз", – деді ол.

Нетаньяху соңғы 20 жылда Қазақстанның дамуына өз таңданысын білдірді.

Біз бірнеше рет Қазақстанға келдік. Иә, үкіметтер арасындағы диалогты жақсарту қажет, үкімет пен бизнестің арасында, өйткені бұл – екі ел үшін керемет мүмкіндік. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін біз құрметтейміз. Бұл ел 20 жыл бұрын мүлдем басқа болды. Қазір біз осы елдің әлеуеті қандай екенін көріп тұрмыз. Бүгінгі таңда, бұл барлықтарына қажетті алғышарт болып табылады. Қазақстан мен Израильдің діндері әр түрлі, бірақ достығы берік. Екі мүлдем әр түрлі елдің ынтымақтастығы - бұл аймақ үшін және бүкіл әлем үшін де жақсы үлгі. Бірлесіп жұмыс істеу және дос болу. Бұл бүкіл әлем үшін тамаша үлгі. Мен келесі конференция Израильде өтеді деп, және біз келесі жылы Иерусалимде кездесеміз деп үміттенемін", – деп түйіндеді ол.

Бизнес-форум жұмысына екі елден 400-ден астам делегат қатысты. Атап айтқанда, израиль бөлігі 66 компаниямен таныстырылды. 

Ақпарат көзі: kazpravda.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4286