Астанада ҚР AЭА өкілдері үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қызметінің нормалары мен тетіктерін айқындайтын дөңгелек үстелі өтті

 

20 қазанда,  Астанада, «Мемлекеттік –жеке меншік серіктестіктің қазақстандық орталығы» АҚ алаңында KAZNEX INVEST қолдауымен ҚР AЭА өкілдері үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қызметінің нормалары мен тетіктерін айқындайтын дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелде МЖС өкілдері Орталықтың қызметі туралы, ҚР «Мемлекеттік –жеке меншік серіктестік туралы» жаңа Заңының ережесін мен нормаларын, мемлекеттік қолдау шараларын, БЭА инфрақұрылым объектілерін жобалауға, құрылысқа, жаңалауға және пайдалануға бағытталған ҚР БЭА МЖС пайдалану алгоритімі және аясы жайында түсіндірді.

Іс-шара барысында ҚР БЭА МЖС жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтасу мүмкіндігі мәселелері талқыланды, сонымен қатар ҚР БЭА аумағында МЖС жөніндегі жобаларды жасау үшін арнайы бағдарламаны жасау туралы шешім қабылданды.

Инвестoрларды МЖС тетіктерінің шеңберінде БЭА инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысуға  шақырамыз. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3593