АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРМЕНИЯ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Галачян Гагик Кимовичті қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мәселелерін жан жақты талқылады.

Қазақстан Республикасы мен Армения арасындағы тауар айналымы 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіш бойынша 5 962,9 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Қазақстанның Армения еліне экспорты 2019 жылғы қаңтар-шілде аралығы бойынша 3 320,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға өсті.

Ал, Қазақстан Республикасының Армениядан импорты 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 2 642,3 мың АҚШ долларын құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға төмендегенін көрсетеді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Маңғыстау облысының аумағында Армян капиталының қатысуымен 4 кәсіпорын тіркелген.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3661