Б. САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЭА ДАМЫТУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңес аясында АЭА негізгі көрсеткіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы және жұмыс жоспарлары туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Маңғыстау облысы әкімі Е. Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов және Астана қаласы әкімі Ә. Исекешев, Алматы қаласының әкімі Б. Байбек баяндама жасады.

Бұдан өзге, жұмыс істеп тұрған АЭА-ларды толтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өз бағыттары бойынша энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Анықтама: Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА аумағында барлығы 165 жоба іске қосылды, 13 мың жұмыс орны құрылды. АЭА жобаларына тартылған инвестиция көлемі 787 млрд теңгені құрайды. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3007