АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ: ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ – ӘР ӘКІМГЕ ЖҮКТЕЛГЕН ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Атап айтқанда, Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы инвестициялар тартудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізілгенін атап өтті. Жаңа кәсіпорындар ашылуда, жұмыс орындары құрылып жатыр. Барлық деңгейдегі инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

Алайда, жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша қолға алынған шараларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың жер жерлердегі қандай да бір өзекті мәселелерді шешу бойынша өтінімдер саны азаймай отыр. Бұл проблемаларды инвесторлар Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес аясында және басқа да диалог алаңдарында айтып келеді.

Қазақстанда 145 басымдықты инвестжобадан тұратын тізім анықталды, оларға тұрақты түрде мониторинг жасалып отырады. Барлық мәселелерді «бір терезе» шеңберінде жедел тәртіпте шешу қажет.  

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ТҰК мен «зәкірлі инвесторларды» тарту бойынша міндет тұр. Сондай-ақ, еліміз үшін Қазақстан мен Қытайдың 51 ортақ жобасын іске асыру аса маңызды.

Қазақстан Премьер-Министрі «Kazakh Invest» ҰК-мен бірге осы жобалардың әр қайсысы бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің назарын аударды. Адамдарға бұл ескі емес, жаңа жобалар екенін жеткізуіміз керек.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ моноқалаларға инвестициялар тарту мәселелерін көтерді. «Зәкірлі жобаларды» тарту моноқалаларда жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізуі тиіс болатын. Алайда, қазір оған дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Осыған байланысты инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбекке осы мәселені бақылауға алу жүктелді.

Өңірлерде инвестициялар тарту бойынша жұмысты күшейту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Әр өңірде инвестициялар бойынша арнайы әкімнің орынбасарлары анықталды, «Қазақ Инвест» өңірлік өкілдіктері ашылды, инвесторлардың проблемаларын шешу үшін өңірлік штабтар құрылды. Соған қарамастан, бірқатар облыстарда, оның ішінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында инвестициялар тарту мәселелері басқа өңірлермен салыстырғанда өте төмен деңгейде.

Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдеріне инвестициялар тарту мәселелерін қатаң бақылауды тапсырды, оған қоса жаңа және іске қосылған жобалардың жұмысының тиімділігі туралы еске салды.  

Тапсырмалардың орындалуын бақылау Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Жарияланған күні: 27-02-2018  
Оқылған саны: 411



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.