БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ КӨРІНІС ТАПҚАН

Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Стратегиялық жоспар Қазақстан үшін жақын болашаққа арналған маңызды құжат болып табылатынын атап өтті, онда 2025 жылға дейінгі дамудың негізгі бағыттары көрсетілген. Сонымен қатар бұл құжат ҚР Президенті Н.Назарбаев қойған стартегиялық мақсатқа – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатына қол жеткізу жолындағы кезеңдердің бірі ретінде саналады. 

«Дөңгелек үстел» барысында ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов сөз сөйлеп, Стартегиялық жоспар аясындағы жұмыстардың басымдықтары туралы баяндады. Мәселен, негізгі бағыттар экономиканы технологиялық жаңғырту есебінен еңбек өнімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту мен нарықты ырықтандыру есебінен жеке сектор мен кәсіпкерлік бастаманы жандандыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сонымен қатар, аймақтарды дамытуға және қазақстандықтардың жеке бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға көңіл бөлінбек. 

Пікірталасқа халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен басшылары қатысты, олардың ішінде The Boston Consulting Group компаниясының серіктесі пен басқарушы директоры Сергей Перапечка, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ ДБ әкімшісінің көмекшісі Джихан Султаноглу, Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жанг, ХВҚ директорының орынбасары Пол Индербинен, ЕДҚБ елдер экономикасымен секторлар мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Маттиа Романи, Дүниежүзілік банктің ЕОА мәселелері жөніндегі аймақтық басқармасының бас экономисті Ханс Тиммер, ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және аумақтық даму директоратының директоры Рольф Альтер, Халықаралық экономика институтының бас атқарушы директоры Иль Саконг.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3481