БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ «DOING BUSINESS» РЕЙТИНГІСІНДЕ ҚР ПОЗИЦИЯСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Бейінді ведомстволардың басшылары «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу», «Салық салу», «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат», «Несиелер алу», «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан позициясын жақсарту үшін қабылданған реформаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Doing Business-2017» рейтингісінде Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтерілді. 2017 жылғы 27 ақпанда «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша түзетулердің бесінші пакеті қабылданды. 

2017 жылғы 1-5 мамыр аралығында Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік банктің бас кеңсесінде Қазақстан делегациясы ҚР Үкіметінің ел позициясын жақсарту бойынша жүргізген реформаларын таныстырды. Қазақстан реформаларын талқылау мақсатында, «Doing Business» рейтингісінің барлық индикаторлары тұрғысынан Дүниежүзілік банк сарапшыларымен 11 кездесу өткізілді.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 9148