БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.  

Қайнар көзі: primeminister.kz/kz

Желілерде бөлісу:

  • 9618