АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.

Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың алдағы қадамдары қаралды.

«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.

Бейжіңге екі күндік сапар аясында А. Қабыкеновтың China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен кездесуі жоспарланған.

Қайнар көзі: primeminister.kz


Жарияланған күні: 11-02-2018  
Оқылған саны: 252



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.