ҚазРусEng

Инвесторларға байланыс нөмірі

+ 7 (7292) 30-27-72

Бүгін жұма,
20 қазан 2017 ж.
Ақтау ауа-райы+14.2°C
Валюта бағамы KZTUSD = 334.11
EUR = 394.65
RUB = 5.81
АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
БИЫЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЭА-ДА 100 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ 24 ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

  АЭА аумағында 157 жоба іске қосылды (оның ішінде 32 шетелдің қатысуымен). 651 млрд. теңге инвестиция салынды, 11 мың 600-ден астам жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде 107 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылды. Инфрақұрылым бюджеттік шығынның әр теңгесіне АЭА қатысушылары 2,4 теңге инвестиция салды.

Бұл туралы бүгінгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Министрдің айтуынша, биыл 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, тағы 20 жоба құрылыс жұмыстарын бастайды. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 10 АЭА инфрақұрылымына шамамен 275 млрд. теңге салынған. 5 АЭА (Оңтустік, Бурабай, Сарыарқа, ИТП, Қорғас) инфрақұрылымы толығымен аяқталған, қалған АЭА-дағы инфрақұрылымның құрылыстары жүргізілуде.

АЭА режимі «Қорғаста» заманауи  логистикалық кластердің негізін қалауға, Астанада темір жол машина жасау жүйесін құруға, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібін жаңартуға және «Тараз химиялық паркі» мен «ҰИМТ»  АЭА химия және мұнай-химия кластерлерін құруға мүмкіндік берді.

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Жарияланған күні: 06-06-2017  
Оқылған саны: 320






Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.