Б.САҒЫНТАЕВ «KAZAKHSTAN GLOBAL INVESTMENT ROUNDTABLE» ИНВЕСТИЦИЯЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСАД

 Форумға 100-ден астам халықаралық компанияның, қаржы ұйымдарының, елшіліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары А. Маминнің, А. Мырзахметовтың, Е. Досаевтың, А. Жұмағалиевтің, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен келесі бағыттар бойынша пленарлық сессиялар өтеді:

Көлік және логистика;

Агроөнеркәсіптік кешенді кеңейту;

АХҚО: Астана — өңірдің қаржы орталығы;

Тау-кен-металлургия кешені;

Жекешелендіру: жаңа кезең;

Энергетика саласын дамыту келешегі.

Дөңгелек үстел сессияларының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Дереккөз: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5064