АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
ЕЛБАСЫНЫҢ БАӘ-ГЕ ЖАСАҒАН САПАРЫНЫҢ БАСТЫ НӘТИЖЕСІ – $9 МЛРД-ТАН АСТАМ СОМАҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН 6 ҚҰЖАТ — О. ИСАБЕКОВ

рус/eng

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабековтың айтуынша, 2018 жылдың І тоқсанында бірқатар жоғары деңгейдегі сапарлар жүргізілді. Мәселен, қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды, наурыз айында Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Астанаға келді. Келіссөздердің нәтижесінде $7 млрд-тан асатын сомаға 46 құжатқа қол қойылды.

«Мемлекет басшысының БАӘ-ге ресми сапары ерекше маңызға ие. Бұл ел Қазақстанның Парсы шығанағындағы стратегиялық әріптестерінің бірі. 2017 жылы екі ел арасындағы өзара сауданың едәуір өсімін атап өткім келеді, 2016 жылға қарағанда 71,9%-ке ($374 млн) артып, $643,1 млн жетті», — деді О. Исабеков.

2005 жылдан бастап БАӘ-ден Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $2 млрд асты.

Сапардың басты нәтижесі — $9 млрд-тан асатын сомаға қол қойылған 6 екіжақты құжат болды.

ҚР СІМ департаменті директорының айтуынша, келіссөздері 20 жылға созылған, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімнің жасалуы Қазақстан мен БАӘ инвесторларын ұзақмерзімді тұрақтылықпен және құқықтық ортаның болжамдығымен қамтамасыз етіп, екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануына ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, О. Исабеков Қазақстанның Дубайда өтетін «Экспо-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысатыны туралы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі жайында айтып берді.

СІМ өкілінің айтуынша, Дубайда өтетін Дүниежүзілік «Экспо-2020» көрмесі «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру» тақырыбында өтеді. Қазақстандық павильонның құрылысы үшін Әмірліктер тарапы БАӘ, Монако, Швейцария, Люксембург, Белорусия павильондарының және корпоративтік павильондардың жанынан, «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде 3420 м2 көлеміндегі ірі учаске береді.

«Сондай-ақ, сыртқы саяси жұмыстың маңызды нәтижесі – 2018 жылғы 10 наурыздан бастап БАӘ-мен екі ел азаматтары үшін визасыз режимнің күшіне енуі болды», — деп атап өтті О. Исабеков.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестицияларды тартудағы рөлі туралы журналистердің сауалына жауап бере отырып, СІМ өкілі «Астана» ХҚО өз жұмысында Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығының тәжірибесін кеңінен қолданып отырғанын атап өтті. БАӘ өкілдері биыл шілде айында өтетін «Астана» ХҚО-ның халықаралық таныстырылымына қатысады деп күтілуде.

Сыртқы саясат ведомствосы, әсіресе экономикалық дипломатияны ынталандыру, шетелдік инвестицияларды тарту кезінде ішкі тетіктер мен сыртқы серіктестер арасындағы маңызды байланыстырушы ретінде қызмет көрсетеді. Аталған көпжоспарлы жұмыс жалғасын табады, деп атап өтті О. Исабеков.

«БАӘ өкілдерінің Қазақстанда өткізілген ірі халықаралық шараларға, соның ішінде «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне, Астана экономикалық форумына, «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесіне белсене қатысқаны да жоғары бағаланады», — деп қорытындылады О. Исабеков.

Анықтама: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ҚР экспорты $558,8 млн (+ 83,1%), ал импорт – $84,3 млн (+ 22,2%) құраған. 2018 жылдың қаңтарында ҚР мен БАӘ арасында тауар айналымы $57,7 млн құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,4%-ке жоғары көрсеткіш ($33,9 млн).

Қайнар көзі: primeminister.kz

Жарияланған күні: 08-04-2018  
Оқылған саны: 240



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.