ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ БАЛАМАЛЫ ЗИЯНСЫЗ ОРАМА ӨНДІРІСІН ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРУДЫ ҰСЫНАДЫ

«Бұл пакеттерді тегін таратпау мәселесін қарастырып жатырмыз, мен түрлі өңірлерде өмір сүрдім, еліміздің оңтүстігінде таратады, солтүстікте сатады, яғни, алдымен ортақ шешімге келу керек. 2018 жылы бұл жұмысты жүзеге асырамыз, ол ашық және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жасалады, содан кейін барып қажетті шешімдер қабылданады», — деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, бұл бірінші кезекте қолданыстағы экологиялық кодекспен байланысты, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап полиэтиленді полигондарға басқа да зиянды заттар секілді көмуге тыйым салынады.

«Топырақта полиэтиленнің өңделуіне бірнеше жыл керек, ол қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. ҚР ЭМ пайдаланғаннан кейін адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін баламалы орама (биологиялық ыдырайтын қаптар, қағаз қалташалар және т. б.) өндірісін ынталандыруды ұсынады. Біз тыйым салу әдісімен жүрмейміз, ең алдымен біз қандай балама ұсынуға болатынын ойластырамыз және осыған байланысты халықаралық тәжірибені зерттейміз», — деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетейік, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің жеке блогында Қазақстанда полиэтиленді қалталарды тегін өткізуге тыйым салу көзделгені туралы жазған. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 2883