ГЕРМАНИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-НЕМІС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

рус/eng

Мақсаты — Kazakh Invest пен Кельн қ. Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Германия экономикасының шығыс комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері — неміс компанияларына берілген мүмкіндіктер» тақырыбындағы бизнес-форумға қатысу.

Сапар барысында роуд-шоу өткізіліп, басым салалардағы әлеуетті инвестициялық жобалар таныстырылды. Соның ішінде ҚР-да бизнес жүргізу мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, сонымен қатар ҚР Президентінің жолдаулары контекстінде шетелдік инвестициялар тарту үшін бәсекелестік артықшылықтар туралы ақпарат ұсынылды. 

Форум барысында Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Орталық Азия елдері ЖІӨ ⅔ бөлігіне жуығы ТМД елдері арасында жан басына шаққанда тартылған инвестициялар бойынша бірінші орынды иеленетін Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті.

Сонымен қатар С. Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері, соның ішінде АХҚО қаржы құралдарының кең спектрі арқылы қолдау туралы айтып берді.

Kazakh Invest ақпараты бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан әлемдік компанияларға 500 млн адамнан асатын нарық қолжетімді. Қазақстан арқылы құрамына 5 теміржол және 6 автокөлік халықаралық бағдарлары, соның ішінде заманауи трансконтиненталдық «Батыс Еуропа — Бастыс Қытай» автомагистралі енетін мультимодалдық Еуразия көлік дәлізі өтеді.

ГФР-дағы ҚР елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде өтіп жатқан Форумның екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып отырғанының жарқын көрінісі екенін атап өтті.

«Бүгінгі Форум аталған процесті одан әрі тереңдетуге, ГФР-мен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді деп батыл мәлімдеуге болады. Мұндай әріптестік өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың қарқындылығының артуына, туризмнің дамуына, халықтар арасындағы түсіністік пен  достықтың дамуына ықпал ететініне сенімдімін. Қазақстанда қазірдің өзінде 1500 бірлескен және 900 неміс кәсіпорны жұмыс істеп жатыр. Бұл тізім бұдан әрі кеңейе түссе, біз тек қуанамыз», — деді Б. Нүсіпов.

Германияның экономикалық, эксперттік және бизнес орта өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру саласындағы іс-әрекеттерін жоғары бағалады және Қазақстанның ГФР-дің Орталық Азиядағы маңызды экономикалық әріптесі екенін, Ұлы Жібек жолы траекториясы бойынша Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір болып қала беретінін атап өтті. Кёльн Сауда-экономикалық палатасының басқарушы директоры Александр Хёкле атап өткендей, Қазақстанның инвестицияларды қорғау және ынталандыру саласында қабылдап жатқан шаралары неміс компанияларының Қазақстандағы жобаларының саны мен сапасын арттырды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Zoz Technology Center (ZTC) технологиялық паркіне және  Дюссельдорф қаласындағы Continental AG технологиялық кластерлік орталығына барды, сонымен қатар жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді. Schneider Group компаниясының басқарушы серіктесі Ульф Шнайдермен кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Германияға сапар аясында қазақстандық делегацияның экономикалық бірлестіктер басшылығымен және машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары салаларындағы неміс компанияларының басшылығымен 25-ке жуық екіжақты кездесу өтіп, 5 әлеуетті инвестициялық жоба бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3121