ИРАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИСЛАМ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

«Ақтау теңіз порты» АЭА-на Иран Ислам Республикасынан Гулистан провинциясының делегациясы, Маңғыстау өңірінде жұмыс істеп тұрған компаниялар қызметімен танысу үшін келді. Сапар барысында, делегация мүшелері өңірдің ғылыми және өндірістік әлеуетімен танысты.

Делегация құрамында:

• Гулистан провинциясының губернаторы Хасан Садеглу;

• Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан елшісі Бағдат Әміреев;

• Гулистан провинциясының жастар және спорт Департаментінің бас директоры Тайеби Бахман;

• Иран Республикасының бизнес өкілдері;

• сондай-ақ Иран Ислам Республикасы, Гулистан провинциясының басқа да уәкілетті тұлғалары.

Иран Ислам Республикасы делегациясын «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында Басқарма Төрағасы Төлегенов Ә.Б. қарсы алды, делегация «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында орналасқан «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» ЖШС, «Өндіріс пен Логистика Орталығы Азерсун» ЖШС және «Caspian offshore and marine construction» ЖШС кәсіпорындарымен танысты. Таныстырылым барысында, «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушылары өз ұйымдарының қызметін баяндап, өздерінің түпкілікті жұмыстарын ұсынды.

Иран Ислам Республикасы делегациясының қатысушылары өңірдің ғылыми, өндірістік және білім беру әлеуетін жоғары бағалап, одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылығын білдірді. 

 

Желілерде бөлісу:

  • 3810