ҚАДІРЛІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ! ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қаншама жылдар өтсе де, адамзат тарихындағы ең қатыгез де қанды майданды кешкен ардагерлеріміздің ерлігі ұмытылмайды.

Байтақ даланың төсіне бейбітшіліктің байрағын тігіп, бүгінгі ұрпаққа бақытты ғұмыр сыйлаған сындарлы жылдар – Қазақстан халқының тарихи жадынан мәңгілік өшпек емес.

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын Республиканың  жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз».

Сұрапыл соғыс жылдары «шыбын жандарын шүберекке түйіп», Отан үшін кеудесін оққа төсеген, ауыртпашылыққа мойымай қажырлы еңбек еткен асыл азаматтардың тағдыры қиын болғаныменен, Ұлы жеңістің жемісін қазіргі ұрпақ көріп отыр. Оны бүгін біз де сезіп, біліп отырмыз. Бұл сезім ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді!

  Қадірлі майдангерлер, тыл ардагерлері!

 Сіздерге ұзақ  ғұмыр, мықты денсаулық, бақытты өмір  тілеймін! Сіздер салған ерлік дәстүрді Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен рухтанған  жастарымыз жалғастыра беретін болады.

Жеңіс күні азат Отанымызға әрдайым тыныштық пен бақ-береке сыйласын. Ұлы жеңістің даңқы айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар тұғырлы мемлекеттің туын биікке көтерсін!

  Жеңіс күні құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Маңғыстау облысының әкімі     Е. Тоғжанов 

Желілерде бөлісу:

  • 4165