ҚАЗАҚСТАН-СЕРБИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҰЛҒАЙТЫЛУДА

 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министірі Бакытжан Сағынтаев және Сербия Республикасының Примьер-Министірі Александр Вучичтің қатысуымен, сондай-ақ Сербия Республикасы Премьер-Министірінің ресми сапары аясында екі елдің лауызымды тұлғалары мен іскер топтарының арасында Қазақстан-Сербия бизнес-форумы өтуде. Сербтік үкімет басшысының елімізге келуі Қазақстан Президентінің осы жылдың тамыз айында Сербияға жасаған ресми сапарынан бастау алған екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

Бизнес-форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ. Бизнес-форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Сербия Республикасы Экономика министрі Горан Кнежевич, Сербияның ауылшаруашылық және қоршаған ортаны қорғау министрі Бранислав Недимович қатысты.

Аталмыш бизнес-форумның қатысушыларын қабылдай отырып, Қазақстан Премьер-Министрі өз сөз сөйлеуінде «Қазақстанның Сербия кәсіпкерлерінің Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуына деген қызығушылығымен нығайтылған екіжақты экономикалық өзара әрекеттестікті кеңейту тенденциясын жоғары бағалайтындығын» ерекше атап өтті.

Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға екі елдің 200-ден астам бизнес өкілдері қатысты. Сербтік жақтастарға Қазақстанның 2015-2016 жылдарға арналған индустриализация, инвесторларға арналған ынталандыру пакеті, соның ішінде кіші және орта бизнес және экономиканың басым салаларының Бағдарламасы ұсынылды. Пленарлық сессиялар мен екіжақты кездесулер кезінде кәсіпкерлер құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобалар туралы сөз қозғады.

Қазіргі таңда Қазақстанда көтерме және бөлшек сауда, сонымен қатар тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу салаларында сербтік капиталдың қатысуымен жүзеге асатын 14 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Алматыдағы бірнеше метро станцияларының, әкімшілік және тұрғын ғимараттардың, медициналық мекемелердің, Қазақстанның бірқатар мұнай базаларының құрылысына қатысқан «Энергопроект-Високоградня» сербтік компаниясы Қазақстан нарығында едәуір жетістікке жетуде.  

Бизнес-форум қатысушылары екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетінің барын және оны толығымен іске асыру қажеттігін атап өтті.


АНЫҚТАМА

2015 жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналым көлемі 55,8 млн АҚШ долларын құрады. 2016 жылы 8 ай ішінде екіжақты сауда айналым көлемі 13,7 млн АҚШ долларын құрады. Осы жылы Сербия Республикасына қазақстандық экспорт құрылымын химиялық өндіріс, металл және металл өнімдері, соның ішінде көлік, құрал-сайман, аспап және аппарат өнімдері құраса, импорт ретінде жануар және өсімдіктен жасалған, дайын азық-түлік тауарлар өнімдері, сонымен қатар химиялық өнеркәсіп және металл өнімдері және олардан жасалған сүрек, ағаш материалдары, тоқыма өнімдері мен құрылыс материалдары және т.б. кіреді. 


Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3830