ҚАЗАҚСТАН DOING BUSINESS РЕЙТИНГІНДЕ 190 ЕЛДІҢ ІШІНЕН 35-ШІ ОРЫНҒА ИЕЛЕНДІ

 

25 қазанда Дүниежүзілік банктің 2017 жылға Бизнесті жүргізу жеңілдігінің жаңартылған рейтингі шықты. Қазақстанды авторлар рейтингіде ескерілетін 10 көрсеткіш бойынша үрдістерді жақсартқаны үшін басқа10 елдің қатарында ерекше аталп өтілген.

Мәселен, Қазақстан10 көрсеткіштің7 бойынша өз позицияларын жақсартқан: құрылысқа рұқсат алуда56 орынға көтерілген, электрмен жабдықтауға қосылу бойынша – 27орынға, миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша –22орынға көтерілген және осы кейінгі көрсеткіш бойынша әлемдегі алғашқы үздік үштік елдерідің қатарына енді. Кәсіпорындарды тіркеу, халықаралық сауда және төлем қабілетсіздігін шешу бойынша қазақстандық позициялар9орынға жақсартылған. Екі өлшем бойынша Қазақстан бұрынғы орынында қалған – меншік құқығын тіркеу және келісім-шарттарды орындауды қамтамасыз ету, ал екі өлшем бойынша төмендеген – салық салу бойынша үш тармаққа және кредиттер алу бойынша бес тармаққа.

Шыққан рейтингінің негізгі ерекшелігі бағалау әдістемесініің неғұрлым жетілдірілуінде болды.

«Баяндамаға кіріспедегіБизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингісіАуғанстан мен Зимбабвеге дейінгі190елдің арасында бағаланатын және ол елдерде белгілі бір уақыт аралығында ғана салыстырылатын, кәсіпкерлік қызметті реттеу және меншік құқығын қорғау бойынша мөлшерлік көрсеткіштер ұсынылады деп хабарланады

Бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингісі бизнес үшін маңызды11көрсеткішті қамтиды. Осы көрсеткіштердің оны осы жылғы рейтингіге енгізілген: кәсіпорындарды тіркеу, құрылыс салуға рұқсат ал, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, меншік құқығын тіркеу, кредиттер алу, миноритарлық инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауда, келісім-шарттарды орындауды қамтамасыз ету және төлем қабілетсіздігін шешу. Бұл жылы сондай-ақ еңбек нарығын реттеу бойынша шаралар да бағалаған болатын, бірақ бұл көрсеткіш бизнесті жүргізу жеңілдігінің жалпы рейтингісіне енгізілген жоқ.

2017 жылға Бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингісінің деректері 2016 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша қолданылған. Көрсеткіштер экономикалық нәтижелерді талдау үшін қолданылады және бизнес-ортаны реттеудің қандай реформалары қайда және қандай нәтижелерге қол жеткізілгендігін айқындайды.

Негізгі қорытындылар:

2017 жылға Бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингісі 137 елдің кәсіпкерлері өткен жылы олардың жергілікті нормативтік-құқықтық базасының жақсартылғанын көрсететінідігін баяндайды. Баяндаманың 2015 жылғы маусымнан 2016 жылғы маусым аралығындағы кезеңінде бүкіл әлем бойынша 190 елдің экономикалары бағаланады, онда 283 бизнес-реформа құжатталған. Кәсіпорындарды тіркеу саласындағы реттеу процестерінің күрделіліігін және құнын төмендететін реформалар есепті жылы да одан бір жыл бұрын да неғұрлым көп таралған. Келесі неғұрлым көп тараған реформалар қатарына салық салу, кредиттер алу және халықаралық сауда салаларындағы реформалар жатады.

Бруней-Даруссалам, қазақстан, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Грузия, Пәкістан, Біріккен Араб Эмираттары, Бахрейн елдері 2015/16 рейтингіде қамтылған салалар бойынша өз экономикаларын неғұрлым үрдісті дамытқан. Жалпы осы 10 ел бизнесті жүргізу процесін жеңілдеті үшін 48 реттеуші реформаны іске асырған.

Экономикалық реформаларды барлық елдер өткізуде, алайда Еуропа және Орталық Азия өңірлі кемінде бір осындай реформа іске асырылатын елдер үлесі неғұрлым көбірек өңір ретінде көшбасшы болып табылады – өңірдегі елдердің 96% бизнеске ықпал ететін кемінде бір реформаны жүзеге асырған.

Бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингісі сондай-ақ 11 көрсеткіштің ішінде гендерлік аспектіні де қамтиды. Кәсіорындарды тіркеуді, меншік құқығын тіркеуді және келісім-шарттарды орындауды бағалау кезінде биылғы жылы алғашқы рет гендерлік аспекті ескерілді. Еңбек нарығын реттеу бойынша көрсеткішке гендерлік аспекті алдыңғы жылғы баяндамадан бастап енгізілген.

Биылғы жылы салық салуды бағалау кезінде назарға алынатын факторлар тізімі кеңейтілді, атап айтқанда кәсіпорын салықтарын төлегеннен кейін жүргізілетін барлық процестер, мысалы олар салықтарды қайтару, салықтық тексерулер және салықтарға әкімшілік шағымдану.

Биылғы жылы баяндамаға мемлекеттік сатып алу ережелері бойынша көрсеткіштерді пилоттық талдаудың жеке құжаты қоса берілген.

Биылғы жылы баяндамада сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, кредиттер алу салаларын алты тақырыптық зерттеулер ұсынылған – заңдық құқықтар, кредит алу – кредиттік аақпарат, миноритарлық инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауда, сондай-ақ еңбек нарығын реттеу және мемлекеттік сатып алу салаларында негізгі баяндамаға екі қосымша қоса берілген. Бұл қосымша құжаттар не жаңа индикаторларды ұсынады, не кейінгі екі жылда орыналған әдістемелердегі өзгерістердің арқасында жинақталған деректердің негізіндегі қандай да бір индикатор туралы неғұрлым толық түсініктеме береді»

Материалды «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ әзірлеген. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3994