ҚАЗАҚСТАН БАӘ-НІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСІ БОЛА АЛАДЫ

рус/eng

Елдер арасындағы инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі перспективалары мен әлеуеті туралы Біріккен Араб Әмірлігінің 14-ші жетекші іскерлік басылым өкілдерімен кездесуде Дубайдағы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі Илья Оразақов айтты.

 «Тарихи жағынан біздің елдер өте жылы және стратегиялық қарым-қатынаста. Алайда тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықты едәуір арттыруға болады. Екі елдің сарапшыларының пікірінше, экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін кем дегенде үш есеге арттыруға болады», - деп атап өтті Илья Оразақов.

2017 жылғы деректерге  сүйенсек, елдер арасындағы тауар айналымы 680 млн. АҚШ доллары белгісіне жақындады, ал барлық осы уақыт ішінде қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемі шамамен 4 млрд. АҚШ доллларын құрады, сонымен қатар, соңғы 10 жылда елге шетел инвестицияларының жалпы көлемі 270 млрд. долларға жетті, бұл Орталық Азияның барлық инвестицияларының  63%-ын құрайды.

2018-2022 жылдарға арналған Қазақстанның Инвестициялық стратегиясының таныстырылымы аясында Оразақов Қазақстан бүгінде Таяу Шығыс бизнесін ынтымақтастыққа белсенді түрде шақырып жатқанын және Араб әмірлігі бизнесімен ынтымақтастық үшін неғұрлым перспективалы салалар: ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, мұнай-химия және туризм саласындағы жобалар болып табылатынын атап өтті.

Оразақовтың айтуынша, Қазақстан бүгінде инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында БАӘ-ден инвесторларға Еуразияның орталығынан 220 млн. га ауыл шаруашылығы жерін және салықтан босатуды ұсынуда.

 «Бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық өте сәтті болатыны еш күмән тудырмайды! Біздің елдер бір-біріне мүдделі. БАӘ-де соңғы технология, үздік менеджмент және халықаралық сараптама бар.

Қазақстан бай шикізат базасынан басқа сапалы қайта өңдеуге жағдай, толықтай мемлекеттік қолдау, және әрине, жаңа нарыққа қолжетімділік ұсынуға әзір. Біздің ел – 500 млн. адамға белсенді дамыған, жаңа нарыққа қолжетімділік ашатын «терезе». Ал бұл Орталық Азия елдері, Батыс Қытай, Ресей аумағы және каспий маңындағы мемлекеттер, - деп атап өтті Оразақов. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4879