ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ 48-ШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

Форумның негізгі тақырыптары төртінші өнеркәсіптік революцияны, жаһандық геосаясатты, капитал нарықтарының дамуы мен жаһандық сауда мәселесін, цифрлық экономиканы және т.б. талқылауға арналды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев бастаған қазақстандық делегация қатарында ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР-ның Швейцар Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женевадағы халықаралық ұйымдар мен БҰҰ бөлімшесі жанындағы ҚР тұрақты өкілі Ж. Айтжанова, ҚР ұлттық экономика вице-министрі М. Әбілқасымова, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов болды.

Форум барысында қазақстандық тарап «Стратегиялық брифинг: Еуразия» интерактивті панельдік сессиясына қатысты. Бұдан өзге, форум аясында қазақстандық тарап бірқатар халықаралық қаржылық және экономикалық даму институттары мен трансұлттық компаниялардың басшыларымен, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) басшысы Ц. Лицюнмен, Бүкіләлемдік экономикалық форумның атқарушы комитетімен, сондай-ақ форумға қатысушы елдердің бірқатар ведомстволарымен екіжақты кездесулер өткізді.

Анықтама: Давос форумы (Davos summit) ретінде белгілі Бүкіләлемдік экономикалық форум — Женевада штаб-пәтері бар ірі халықаралық үкіметтік емес ұйым.

БЭФ жыл сайынғы форумы дәстүрлі түрде Давос швейцариялық таулы шипажайында өткізіледі, бейресми атауы соған орай берілген.

БЭФ жыл сайынғы кездесуі қатысушылардың жоғары деңгейімен ерекшеленеді және экономиканың әртүрлі салаларындағы мәселелерді шешу үшін ғаламдық күн тәртібін қалыптастыруда 3000-нан астам көшбасшылардың басын қосады. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3183