ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕ ЖҮЗІ БАНКІНІҢ «БИЗНЕС ЖҮРГІЗУ ЖЕҢІЛДІГІ» РЕЙТИНГІНДЕ 35-ШІ ОРЫНДА

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің ашылуындағы сөзінде Үкіметтің Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі қабылдаған шаралары туралы айтты.

Елімізде инвестициялық климатты жақсартуға айтарлықтай ықпал ететін кең масштабты реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан Дүние жүзі банкінің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде 35-ші орында. Бұл Қазақстанда бәсекелестік пен инвесторлар құқығын қорғаудың, іскерлік орта деңгейінің жоғары екенін айғақтайды.  

Индустриялды-инновациялық даму, тұрғын үй құрылысы, көліктік-логистиканы, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Инвесторлар осы бағдарламаларды жүзеге асыруға қатыса алады.

Бұдан бөлек, бизнес үшін инвестициялық және салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Осылайша, инвесторлар басым салаларда корпоративтік табыс және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады.

Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ және 20 индустриялды аймақ бар.

«Біздің елдегі бизнесті жүргізуге жасалған бәсекелестік жағдайды ескере отырып, мен Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақ, Қытай, Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің үлкен нарығына өнім шығатын алаң ретінде қабылдауды ұсынамын»,-деді Жеңіс Қасымбек. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 8761