ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ 2017 ЖЫЛҒЫ 11 АЙДА ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ӨСІМІ ҚАРҚЫНЫНАН АСЫП ТҮСТІ

11 айдағы экономикалық көрсеткіштер өте оңтайлы.

«Осы уақытта біздің еліміз табысты әрі жан-жақты дамыды. Барлық салаларда қарқынды даму қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптің қарқыны жоғары — өсім 7,3% құрайды. Ал, өткен жылы құлдырау болған еді. Оған бірнеше негіз бар. Мұнай өндіру мен өңдеу өнеркәсібі жоспардан асып, өсуде. Мысалға, мұнай өндіру бойынша біз 8,3% өсімді күтсек, қазірдің өзінде өсім 10,9%. Өңдеу өнеркәсібі бойынша 4,5% өсімді күтсек, қазір ол 5,2%», — деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар, өнеркәсіптің едәуір өсім байқалған ішкі салалары бар. Мысалға, химия өнеркәсібінде ҚР ҰЭМ 1% өсімді күткен болатын. Нақты 6,2% шықты. Фармацевтика бойынша бар-жоғы 9,6% өсім күтілген болса, ол 42%-ға өсті.

Бұдан өзге, Руслан Дәленовтың айтуынша, экономиканың басқа да маңызды салалары жоспарланған өсімді көрсетіп, қарқынды сақтап келеді. Мысалға, табиғи газ өндіру өсімі 10% құрады, ауыл шаруашылығы 2,3%, мұнай өңдеу — 5,5%, сауда-саттық — 2,8%, көлік — 4,9% өсті. 

Экономиканың қозғаушы күштерінен қаржы секторы мен инвестициялар да қалыс қалған жоқ. Мысалға, берілген несиелер саны 6,3% өсті, негізгі капиталға инвестициялар өсімі 5,7% құрады.

«Осының бәрі 2017 жылғы 11 айдағы экономика өсімінің 3,9% құрауына алып келді. Оған қоса, болжамға сәйкес әлемдік экономика өсімі биылғы жылға 3,6% құрайды. Яғни, Қазақстан экономикасында әлем экономикасымен салыстырғанда, көбірек өсім байқалды», — деп түйіндеді Руслан Дәленов. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 2650