ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЖӨНІНДЕ АСА БЕЛСЕНДІ САЯСАТТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ.

 

Қазақстан инвестициялар тарту жөнінде аса белсенді саясатты іске қосты. ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, шетелдік инвестицияларды тарту (ШИТ) мұнай өңдеуге  выросли на 80%-ға, тамақ өнімдерін шығаруға 30%-ға,  машина жасауға 7 есе өсті.  

«Жалпы, кейінгі 25 жылдағы ШИТ-тің жалпы көлемін алсақ, оның 70% кейінгі 5 жылда тартылып, 20 млрд. АҚШ долларын құраған. Біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанның дамуы – инвестиция тарту арқылы даму»,  – деп атап өттіӘ. Исекешев.  

Әсет Исекешев министрліктің екі бағытта жұмыс атқарып отырғандығын атап өтті. Олардың ішінде инвестициялық және бизнестік ахуалды жақсарту, инвестицияларды қорғау жөнінде тәуірірек жағдай, әділ сот жүйесін ұсыну, экономиканы жоғары кәсіби адами ресурстарымен қамтамасыз ету бар. 

Бүгінгі күнге ҚР ИДМ-нде сомасы  $40 миллиардтан астам 200 инвестжобадан тұратын портфолиосы бар.

«Бізге әрбір инвестор маңызды.  Біз ТҰК, ШОБ, қаржы және институциалдық инвесторларды «гринфилд», «браунфилд», МЖС жобаларына тартудамыз. Біздің стратегиямыз барлық инвесторларға жақсы мүмкіндіктер ұсынып отыр деп есептеймін», - деп қорытты министр Исекешев. 

Қайнар көзі: invest.mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3941