ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖӨНІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСУҒА ШАҚЫРАДЫ.

 

Қазақстан «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында инвесторлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тиісті көліктік және индустриалды инфрақұрылым дайындаумен айналысуда. Бұл туралы Астанада өткен инвестициялық саммитте ҚР инвестициялық саммитіндегі кіріспе сөзінде ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«ҚР  өңірлік көліктік және коммуникациялық хабқа айналады. Біз автожол, темір жол,, теңіз порттарында терминалдар салудамыз. Біз инвесторларды инфрақұрылымдық жобалар жөнінде жекешелендіру және мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік арқылы ынтымақтастыққа шақырамыз»,  – деп айтты Ә. Исекешев.

Бұның сыртында, министрдің айтуынша, экономиканың басым салаларында инвесторларды қолдау үшін кедендік және салықтық жеңілдіктер, инвестициялық субсидиялар, үкіметтік гранттар ұсынатын бірталай ынталандыру шаралар топтамасы ескерілген. 

Қайнар көзі; invest.mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3461