ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН КЕҢЕЙТЕДІ

 Делегация қатарында Академия ректоры Фатима Жақыпова мен Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков бар, олар бірқатар кездесулер өткізіп, ҚР мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай өткен шараларға қатысты.

Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекттік басқару академиясының Дипломатия институты мен БАӘ Дипломатиялық академиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпованың айтуынша, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекттік басқару академиясы мен Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің қол қойған меморандумы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар саласында мамандандырылған екі мекеме арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға негіз болады».

Бұдан өзге, 2016 жылғы мамырда қол қойылған Ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға серпін беру мақсатында, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің басшылығымен кездесу өтті.

Сонымен қатар, Академия делегациясы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауын араб тілінде таныстыру рәсіміне орайластырылған дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспарларын талқылады, оның аясында Мектеп сарапшыларын Академияға «Smart қалалар мен тиімділігі жоғары халықаралық қаржы орталықтарын құру» тақырыбында лекциялар өткізуге шақыру мәселелерін қарастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Академия ректоры Дубай қаласының Қоғамдық кітапханасындағы Қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуына қатысып, кітапханаға Қазақстан туралы кітаптарды сыйға тартты.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3490