ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ЕКІЖАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТРАНСФЕРТІНІҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУҒА НИЕТТІ

рус/eng

 

Бүгін «Франция-Қазақстан: стратегиялық серіктестікке 10 жыл» форумы аясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар Меморандум Қазақстан Республикасындағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналады деп есептейді. Ал Франция Республикасы тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар мен технологиялар көлемін ұлғайтуға негіз болады.

Құжат аясында (Қазақстан мен Франциядағы компаниялар) сараптамалық шолулар, маркетингтік зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ әлеуетті іскер серіктестер туралы ақпараттарды қосқанда, инвестициялық жобалар мен халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін инвестицияларды мемлекеттік қолдау және мемлекеттік реттеу шаралары туралы ақпарат алмасу жоспарлануда.

Тараптар сондай-ақ екі елдің экономикалық саясатының басым бағыттары бойынша ынтымақтасуға келісті. Экономиканың алдын-ала анықталған басым секторларын дамытуға  барынша күш жұмсалатын болады. Басым секторларға тағам өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, қағаз және қағаз өнімдері, электронды және оптикалық өнімдерге арналған компьютерлер, көлік құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, металлургия, ауыл шаруашылығы, инновация және IT, туризм, химия өнімдері, машина жасау, құрылыс материалдары, мұнай, газ және т.б. кіреді. 

қайнар көзі; mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3205