ҚАЗАҚСТАН ӨНІКТІ ҚЫЗМЕТ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУДА, ОЛАР БОЛСА ӨЗ АЛДЫНА МҰНАЙЛЫҚ ЕМЕС ІЖӨ ҮЛЕСІН ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРА АЛАДЫ.

 

Индустриаландырудың екінші бесжылдығыныңміндеті – базалық индустриялардың, оның ішінде  мұнай-химия кластерінің, түрлі тыңайтқыштар өндірісі кластерінің, жоғары сапалы металдар мен балқытпаларды шығарудың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Басым бағыттардың бірі – экологиялық таза азық-түлік шығару болып табылады. машина жасауды дамытудың маңызы зор. Бұл туралы Астанада өткен инвестициялық саммитте ҚР инвестициялық саммитіндегі кіріспе сөзінде ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Бұдан былайғы бағыт -  экономиканың жалпы көлемі шағын екендігін ескере отырып, қосымша құны бар экспортқа бейімделген өндірісті дамыту болып табылады. Рыноктарға, ең алдымен Ресей, Орталық Азия, Иран, Батыс Қытайдағы рыноктарға бейімделеді, - деді Ә.Исекешев.  

Қазақстан өңдеу өнеркәсібінен тыс өнікті қызмет секторын дамытуды жоспарлауда, олар мұнымен қоса өз алдына мұнайлық емес ІЖӨ-ді және экспорттың үлесін арттыра алады. Бұлар – транзит және логистика, Қытаей, Еуропа және Таяу шығыс аралығындағы жаңа Жібек жолы, туризм, инжиниринг және басқа кәсіби қызметтер. Министр Исекешевтің айтуынша, Қазақстанның айналасында аса қарқынды дамып келе жатқан ірі рыноктар бар, сондықтан ҚР үшін біздің елімізде  әрбір инвестор өз бизнесін құрғанда көршілес рыноктарға шыға алатындай жағдай жасап, логистиканы дамытуының маңызы зор. 

Қайнар көзі; invest.mid.gov.kz  

Желілерде бөлісу:

  • 3885