ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛДАМАЛЫ ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ ЗАҢДЫ НЕГІЗДЕ БЕКІТІЛУІ МҮМКІН

«Жалпы, жалдамалы еңбек тәжірибесі дамыған елдерде кеңінен таралған, алайда біз оны қаншалықты іске асыра алатынымызды анықтап алуымыз керек. Жалдамалы еңбектің үш форматы бар», - деді Т. Дүйсенова.

Бірінші жағдайда, ұйым өз қызметкерін өзге компанияға жібереді, сонымен қатар оның барған жері оның құқықтарын қорғауға жауап бермейді. Бұндай формат Қазақстанға тиімсіз. Екінші формат қызметкерді бір заңды тұлғадан екіншісіне іссапармен баруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда барлық еңбек шарттары мен жұмыс режимі келісіледі. Осы түрін Қазақстанда қаншалықты іске асыруға болатынын бағалау үшін оны егжей-тегжейлі қарастыру жоспарда бар.

Үшінші формат бойынша, жұмыспен қамтитын жекеменшік агенттік қызметкерді, мысалға, жеке тұлғаға бағыттай алады. Бұл жағдайда агенттік, қызметкер және оны жұмысқа алатын жеке тұлға арасында үшжақты келісімшарттарға қол қойылады. Жалдамалы еңбектің осы түрі бәрінен де қолайлысы болып саналады.

«Жұмыс топтары аталған мәселелер бойынша әлі де жұмыстар атқарады, біз солардың нәтижесі бойынша қосымша ақпаратты ұсынатын боламыз», - деді Т. Дүйсенова.

Анықтама:

Жалдамалы еңбек – бұл қызметкердің өзінің жұмыс берушісінің, алайда бастығы болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаның өкіміне сәйкес жұмыс істеуі. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4643