ҚазРусEng

Инвесторларға байланыс нөмірі

+ 7 (7292) 30-27-72

Бүгін ,
17 желтоқсан 2017 ж.
Ақтау ауа-райы0°C
Валюта бағамы KZTUSD = 335.33
EUR = 395.49
RUB = 5.7
АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
ҚАЗАҚСТАНДА ҚУАТТЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ДИСТРИБУЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛҒАН — DP WORLD ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ АНИЛ СИНГХ

«Мен Қазақстанды әлем орталығында орналасқан деп есептеймін. Дүние жүзінің бір нүктесінен екіншісіне жету үшін Қазақстан аумағынан өтуге тура келеді. Шанхайдан Антверпенге теңіз арқылы жету өте қымбат әрі ұзақ уақытты — 43 күнді талап етеді. Ал Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға транзиттік дәліз арқылы жүктерді 12 күн ішінде тасымалдауға болады», — деді Анил Сингх.

 

Анил Сингх басқарып отырған компания әлемдік сауда және көлік саласында жетекші рөл ойнайды. Оның айтуынша, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның «Жетіген – Алтынкөл» және «Жезқазған – Бейнеу» темір жол желілерімен, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автокөлік дәлізімен, Ақтау портымен технологиялық үйлесімде болуы Қазақстанда қуатты индустриялық-логистикалық дистрибуция орталығын құруға, жаһандық жеткізілімдерді ұйымдастыруға, қазақстандық инфрақұрылымдық сервисті әлемдік сауда және көлік тізбегіне біріктіруге жол ашты.

Қазақстанның көлік және логистика саласындағы жетістіктерін айта отырып, А. Сингх өз сөзінде алдағы жылдары жоспарланып отырған, ел аумағы арқылы жылына 2 млн контейнерді транзит арқылы тасымалдау үлкен жетістік болатынын айтты.

«Қазірдің өзінде біз табысқа жетудің оң нәтижелерін көріп отырмыз», — деп түйіндеді А. Сингх.

Жарияланған күні: 07-12-2017  
Оқылған саны: 26






Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.