ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ АШЫҚ АТМОСФЕРА ҚҰРЫЛҒАН — ВЛАДИСЛАВ СОЛОВЬЕВ

Владислав Соловьевтің айтуынша, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың сөзі мемлекеттің инвестициялық саясатын айқын әрі ашық етіп көрсетті.

«Біз Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеміз, ұзақ мерзімді әріптес әрі инвестормыз. Бұл жерде президент инвестицияларға және инвестициялық ахуалға ерекше көңіл бөледі деп айта аламын», — деп Владислав Соловьев шетелдік инвесторларды ойланбастан Қазақстанға келуге шақырды.

Бұдан өзге, спикер Қазақстанның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының үлкен әлеуетін атап өтті. ҚР-да Назарбаев Университеті жұмыс істейді, ғылыми-зерттеу орталықтары құрылған. Сондықтан, Владислав Соловьевтің айтуынша, осы бағытты дамытуға көбірек көңіл бөлу керек.

«РУСАЛ» бас директорының пікірінше, Қазақстан мен Ресей — көміртекті елдер, бұл экономикаға ерекше әсер етеді. Дегенмен бұл сын-тегеуріндерді қабылдап, осы салада бизнес жүргізу керек.

«Бізге болашақтың мәселелерін ойдағыдай шешу үшін көмір мен газ химиясын зерттеу керек», — деп қорытындылады сөзін спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан экономикасына инвестиция салу мәселесі бойынша алғашқы халықаралық дөңгелек үстел өтіп жатыр. Форумға 100-ден астам халықаралық компания, қаржы ұйымдары, елшіліктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда.

Дереккөз: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5082