КЕЙІНГІ 5 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА 5 МЛРД. АҚШ ДОЛЛ. АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ЖҰМСАДЫ.

 

Кейінгі 5 жылда Қазақстан инфрақұрылымды дамытуға 5 млрд. АҚШ долл. астам инвестиция  жұмсады. Республиканың теңізге тіке шығу жолы жоқ, дегенмен ол Қытай, Ресей, Орталық Азия мен Иран аралығындағы құрлықтағы көпірі болып отыр. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын дамыту Қазақстан үшін айрықша сын іспетті, деп атап көрсетті ҚР инвестициялар және даму министрі. Әсет Исекешев бұл мәселенің екі себебі бар екендігін көруде: біріншіден, бұл өз өнімдерімізді көрші рыноктарға жеткізуді қамтамасыз етеді. Екіншіден,  Қытай, Еуропа, Ресей және Таяу Шығыс аралығындағы мультимодальдік транзитті дамытады.

Бұның сыртында, алдағы 3 жылда халықаралық қаржы институттарын қоса есептегенде  10 млрд. АҚШ долл. астам инвестиция  салу жоспарлануда.

«Біз транзиттеу үшін кедендік ресімдерді жеңілдету мен әкімшілік кедергілерді жою жұмысын қолға алдық. Бұл жұмыс Қазақстанның қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның  Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 2015 жылы 30 позицияға, яғни әлемдегі 140 елдің арасында 88-ші орыннан 58-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді», – дей келе, Ә. Исекешев нақты мысалдар келтірді:  

«Олардың ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы ұзындығы 1,7 мың миль болатын әлемдегі ең ірі көлік дәліздерінің құрылысы бар. Бұл дәліз арқылы жүктерді Қытайдан Еуропаға небәоі 10 күнде (салыстырма: теңіз арқылы – 45 күнде) жеткізуге болады, сол сияқты Қазақстан мен Иранды қосатын темір жол бар, ал Сары теңіздегі Ляньюньган портындағы логистикалық  терминал теңіз арқылы тасымал жасауға мүмкіндікашылады».

Министрдің айтуынша, Каспий теңізіндегі  Ақтау порты кеңейтілді, Қытайдың шекарасында Қорғас құрғақ порты іске қосылды. Қазақстанда ЕРДБ мен Халықаралық қаржы  корпорациясының ресурстарын тарту арқылы МЖС (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік) жобасы старт алды. 

Қайнар көзі: invest.mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4013